Серік Жұманғалиұлы Сәпиев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Боксшы Үлгі:Медальдар

Серік Жұманғалиұлы Сәпиев (16 қараша, 1983 жыл, Абай қаласы, Қарағанды облысы) - боксшы, олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері, Парасат орденінің кавалері (2008 жыл), Отан орденінің иегері (2012)<ref>Винокуров, Сәпиев, Ильин «Отан» орденімен марапатталды</ref>, спорт бойынша ЮНЕСКО чемпионы атанған әлемдегі 13-ші спортшы<ref>Үлгі:Cite web</ref>, қазақстандық ең танымал боксшылардың бірі, 2014 жылдың қарашасынан бастап Astana Arlans командасының бас директоры.<ref>Серік Сәпиев "Астана арландарының" директоры болады</ref>

Жартылай орташа салмақ пен бірінші жартылай орташа салмақта әуесқой бокстан Олимпиада ойындарының чемпионы (2012), Баркер кубогының иегері (2012), әлемнің екі дүркін чемпионы (2005, 2007), күміс (2011) және қола (2009) медальдарының иегері, Бейжің және Лондон Олимпиадасында бокстан құрама команданың капитаны.

Өмірбаяны

Балалық шағы

Сурет:Strelnikov.jpg
Александр Стрельников және Серік Сәпиев

Болашақ әлем чемпионы бокспен 11 жасынан айналысып келеді. Өзі туып-өскен Қарағандының іргесіндегі Абай қаласында ол Александр Стрельниковтың тәрбиесін көрді. Жас талапкер білікті бапкерге бірден ұнады. Өйткені боксқа деген бейімділік оның қанында бар. Серіктің немере ағасы Бақтай да кезінде еліміздің қабырғалы боксшыларының бірі болған. Көзі қарақты көрермендер жетпісінші жылдары шаршы алаңда атой салған ол азаматты әлі ұмыта қойған жоқ. Бақтай Сәпиев кезінде жастар арасында КСРО чемпионы, ересектер арасында КСРО чемпионатының екі дүркін жүлдегері, социалистік елдер арасында өтетін «Достық» ойындарының жеңімпазы атанды. 1972-1976 жылдар аралығында Одақ құрамасының сапында болып, тоғыз бірдей халықаралық турнирде топ жарды. – Серік менің алдыма келгенде 11 жаста еді. Өзі нәзіктеу, тұйық болатын. Бірақ көзіне қарап-ақ тегін бала еместігін аңғардым. Жанарында бір ұшқын бар. Уақыт оза байқасам, өнері аздап ағасына келіңкірейді. Бақтай да техникалық арсеналы өте бай, жылдам боксшы болатын. Сондай қасиеттер Серіктің де бойынан табылды. Сол кезде мен бұл жігіттің шабысы ширақ болатынын байқадым, – дейді бапкері Александр Стрельников.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалықаласы Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref> Бір жылдай Стрельников бапкерден тәлім алған Серік әкесінің ақылымен Қарағандыдағы Ә.Молдағұлова атындағы дарынды балаларға арналған спорт интернатында, білікті бапкер Сайын Аратаевтың қол астында үш жыл өткізеді. Интернатта үш жыл өткізген кейін Абай қаласына, алғашқы бапкері Александр Стрельниковке қайтып келеді.<ref>Олимпиада алауы Алматыға келді!</ref>

Алғашқы жеңістер

Сурет:Stamps of Kazakhstan, 2013-02.jpg
Пошта маркасы, 2013 жыл

2004 жылы қарағандылық боксшы әскерилер арасында әлем чемпионы атанып, өзінің алғашқы ірі жеңісіне қол жеткізді. Сол маусымда ол 60 келі салмақ дәрежесі бойынша Қазақстан чемпионы атанды. Осы табыстар талантты боксшыны қанаттандырып жіберсе керек, енді ол қарсыластарын қуып жүріп сабайтындай деңгейге жетті. 2005 жылы Серік Сәпиевтің жұлдызы жарқырай жанды. Ол 64 келі салмаққа ауысып, Қытайдың Миньян қаласында өткен әлем чемпионатында ел намысын қорғады.

Серік Алматыда өткен оқу-жаттығу жиынында сол қолынан жарақат алған болатын. Бірақ бұл жарақаты жайында бапкерінен басқа ешкімге тіс жарған жоқ. Өйткені бақталастары немесе дәрігерлер біліп қойса, жарысқа қатыспай қойдыруы да мүмкін ғой.

Сол жылы Сәпиев әлем кубогы бәсекесінде де теңдессіз өнерімен тамсандырды. Мәс­кеуде өткен додада Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте үшінші орын алғанымен, Серік бірде-бір жекпе-жегінде жеңілістің дәмін татқан жоқ. Бірінші кездесуінде ол 10 секундтың ішінде Африка боксшысын нокаутқа түсірсе, жартылай финалда кубалық Йорданис Эрнандесті 46:35 есебімен еңсерді. Міне, содан бергі екі жылдан астам уақыт аралығында Серік ресми жарыстарда тек жеңіске жетуде.

2005 жылғы Әуесқой бокстан әлем чемпионаты

  • 14 қараша
  • 16 қараша
  • 18 қараша
  • 19 қараша
  • 20 қараша

2005 жыл Серік Алматыда өткен оқу-жаттығу жиынында сол қо­лынан жарақат алған бола­тын. Бірақ бұл жарақаты жа­йында бапкерінен басқа ешкімге тіс жарған жоқ. Өйткені бақта­ластары немесе дәрігерлер біліп қойса, жарысқа қатыспай қой­ды­­руы да мүмкін ғой. Ал әлем чемпионатында қазақтың намы­сын қорғау Серіктің байырғы арман еді. Жарақаты жанына бат­са да қандасымыз намысқа тырысты. Айтулы жарыста сло­вак Тибор Главацкиді (37:13), америкалық Карл Даганды (37:26), украиналық Николай Семенягуды (27:15), әзірбайжан Эмиль Магеррамовты (41:23) және өзбек Ділшот Махмутовты (40:21) жеңіп, бас жүлдені ол­жалады.

Бірінші жартылай орташа салмақ
Кезең Спортшы Нәтижесі Спортшы
1/16 Үлгі:Flagicon Серік Сәпиев 37:13 Үлгі:Flagicon Тибор Главацкиді
1/8 Үлгі:Flagicon Серік Сәпиев 37:26 Үлгі:Flagicon Карл Даган
1/4 Үлгі:Flagicon Серік Сәпиев 27:15 Үлгі:Flagicon Николай Семенягу
1/2 Үлгі:Flagicon Серік Сәпиев 41:23 Үлгі:Flagicon Эмиль Магеррамов
Финал Үлгі:Flagicon Серік Сәпиев 39:21 Үлгі:Flagicon Ділшот Махмутов
<ref>Әуесқой бокстан әлем чемпионтаның нәтижелері</ref>

2007 жылғы Әуесқой бокстан әлем чемпионаты

  • 23 қазан
  • 26 қазан
  • 30 қазан
  • 1 қараша
  • 2 қараша

2007 жылғы Әлем чемпионатында Серік мінсіз өнер көрсетті. Тырнақалды кездесуде Милан Пипескиді 26:6 есебімен ұтты. Одан кейінгі үш айқасты мерзімінен бұрын аяқтады. Никарагуалық Мендоза Мендес, канадалық Кевин Бизер, ирандық Мұртаз Сепахванд, жапондық Масатусид Каваши қандасымызға еш қарсылық көрсете алған жоқ. Серік оларды арбап та, алдап та ұрып, жігерлерін құм етті. Ал финалда Геннадий Ковалевты 20:5 есебімен еркін еңсерді. Әдетте өзге мемлекеттердің өрендеріне мұрындарын шүйіріп қарайтын ресейлік мамандар бұл жолы қазақ боксшысының атына көптеген жылы пікірлер айтты. Ал олардың: «Бұл бәсекеде Геннадий өзінің талассыз жеңілгенін мойындауға тиіс. Ол қазақ жігітінің тау қопарарлық қарқынына қарсы еш тосқауыл қоя алмады. Серік Сәпиев Олимпиадаға дәл осындай бабында келсе, бас жүлдеден басты үміткер болатыны даусыз», – деген пікірі көп нәрсені аңғартса керек. Сөйтіп, алыстағы АҚШ елінде алтын медальді жеңіп алған Серіктің есімі спорттық шежіресінде екі мәрте әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақстандық боксшы ретінде тіркелді.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Бірінші жартылай орташа салмақ
Кезең Спортшы Нәтижесі Спортшы
1/32 Үлгі:Flagicon Серік Сәпиев 22:6 Үлгі:Flagicon Милан Пи­перс­­ки
1/16 Үлгі:Flagicon Серік Сәпиев Үлгі:Comment Үлгі:Flagicon Мен­доза Мендес
1/8 Үлгі:Flagicon Серік Сәпиев Үлгі:Comment Үлгі:Flagicon Кевин Бизер
1/4 Үлгі:Flagicon Серік Сәпиев Үлгі:Comment Үлгі:Flagicon Мұртаз Сепахванд
1/2 Үлгі:Flagicon Серік Сәпиев Үлгі:Comment Үлгі:Flagicon Масатусид Каваши
Финал Үлгі:Flagicon Серік Сәпиев 20:5 Үлгі:Flagicon Геннадий Ковалев

Бейжің Олимпиадасы

  • 14 тамыз
  • 17 тамыз

Серік Сәпиев Бейжің Олимпиадасына соңғы өткен Әуесқой бокстан әлем чемпионатының жеңімпазы ретінде өнер көрсетті. Қазақстанның алтын медальдан үмітті ең басты спортшысы Серік Сәпиевтің бұл Олимпиада ойындарында жолы болмады. Әлем чемпионатында топ жарған Серік 1/16 кезеңіне қатыспай, шаршы алаңда өнер көрсетуін бірден 1/8 бастады. Алғашқы қарсыласы венесуэлалық Джонни Санчесті 22:3 есебімен тізе бүктіреді. Келесі кезеңде 2004 Афина Олимпиадасының жеңімпазы таиландық Манус Бунджумнонг қарсы өткізді. Қарсыластарын әдетте оңай жеңетін Серік Сәпиев Манус Бунджумнонгтан айласын асыра алмады. Таиландық спортшы 7:5 есебімен жеңіске жетіп, әлемнің екі дүркін чемпионны Серік Сәпиевті медальсіз қалдырды.

Бірінші жартылай орташа салмақ
Кезең Спортшы Нәтижесі Спортшы
1/8 Үлгі:Flagicon Серік Сәпиев 22:3 Үлгі:Flagicon Джонни Санчес
1/4 Үлгі:Flagicon Серік Сәпиев 5:7 Үлгі:Flagicon Манус Бунджумнонг

2009 жылғы Әуесқой бокстан әлем чемпионаты

  • 3 қыркүйек
  • 6 қыркүйек
  • 7 қыркүйек
  • 9 қыркүйек
  • 11 қыркүйек

Италияның Милан қаласында өткен әлем чемпионатында Серік Сәпиев жартылай финалға дейін қарсыластарын оңай жеңді десе болады. Габондық Уго Миеникуені, әзірбайжандық Емил Махаррамовты айқын басымдықпен тізе бүктірді. Серіктің 1/8 финалда украиндық Тарас Шелестюкке қарсы өткізген ойыны сәл қиындық туғызды. Бірінші раундта сауатты қарсы шабуылдаған Тарас Шелестюк 2:5 есебімен жеңеді, алайда қалған раундтарда Серік ойын қарқынын үдете түсіп, Тарас Шелестюкті жойқын соққылардың астына алады. Сөйтіп Серік екінші раундты 9:4 есебімен, ал үшінші раундты 5:4 есебімен жеңеді. Келесі қарсыласы қырғыз елінің өкілі Абадулла Баймұратовтың секунданты екінші раундта-ақ ойыннан бас тартады. Жартылай финалда ресейлік Андрей Замковойға 10:16 есебімен жеңіліп қалады. Бұл күні қазақ боксшысы өз-өзіне мүлдем ұқсамады, көп соққылар жіберіп алған Серік бірінші раундта 2:8 есебімен жеңіледі. Екінші раундта Серік өз ойын өрнегін тапқандай болып көрінген. Сауатты шабылдап, сауатты қорғана білген Серік екінші раундты 5:3 жеңгенімен, шешуші раундта 3:5 жеңіліп қалады. Қазақ боксының соңғы жылдардағы жарқын жұлдыздарының бірі - Серік Сәпиев үшінші рет әлем чемпионы атағынан осылайша қол үзеді. "Мен қатты жеңіске жеткім келді, кей тұстары асығыстық таныттым, оңай соққыларды көп жіберіп алдым. Әдетте бір-екі соққы жіберіп алсам, келесі жолы сол соққылардан қалай қорғану керек екендігін тез ұғатынмын. Бұл чемпионатта өкінішке орай бұлай болған жоқ. Бейне бір гипнозда жүргендей болдым" - деп, өз жеңілісін осылайша түсіндірді. Алайда өзінің қарсыласынан басым екенін және шаршы алаңда кездесудің қайта сәті түссе өзінің шебер боксшсы екенін дәлелдеймін деген Серік, сол күні менің жолым болмады деп өз ойын түйіндеді.

Жартылай орташа салмақ
Кезең Спортшы Нәтижесі Спортшы
1/32 Үлгі:Flagicon Серік Сәпиев Үлгі:Comment Үлгі:Flagicon Уго Миеникуе
1/16 Үлгі:Flagicon Серік Сәпиев Үлгі:Comment Үлгі:Flagicon Емил Махаррамов
1/8 Үлгі:Flagicon Серік Сәпиев 16:11 Үлгі:Flagicon Тарас Шелестюк
1/4 Үлгі:Flagicon Серік Сәпиев Үлгі:Comment Үлгі:Flagicon Абадулла Баймұратов
1/2 Үлгі:Flagicon Серік Сәпиев 10:16 Үлгі:Flagicon Андрей Замковой

2011 жылғы Әуесқой бокстан әлем чемпионаты

  • 29 қыркүйек
  • 2 қазан
  • 4 қазан
  • 5 қазан
  • 7 қазан
  • 8 қазан
Сурет:Серік пен Шелестюк.jpg
Баку өткен Әуесқой бокстан әлем чемпионатының финалында украиндық Тарас Шелестюкке жеңіліп қалған сәті
Жартылай орташа салмақ
Кезең Спортшы Нәтижесі Спортшы
1/32 Үлгі:Flagicon Серік Сәпиев Үлгі:Comment Үлгі:Flagicon Карлос Санчес
1/16 Үлгі:Flagicon Серік Сәпиев 16:7 Үлгі:Flagicon Апичет Саенсит
1/8 Үлгі:Flagicon Серік Сәпиев 25:12 Үлгі:Flagicon Ясухиро Сузуки
1/4 Үлгі:Flagicon Серік Сәпиев 20:10 Үлгі:Flagicon Эррол Спенс
1/2 Үлгі:Flagicon Серік Сәпиев Үлгі:Comment Үлгі:Flagicon Эгидиус Каваляускас
Финал Үлгі:Flagicon Серік Сәпиев 10:16 Үлгі:Flagicon Тарас Шелестюк

Лондон Олимпиадасы

Сурет:Val Barker trohpy.JPG
АИБА атқарушы директоры Хо Ким және Серік Сәпиев

Бакуда өткен Бокстан әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болған Серик Сәпиев Лондон олимпиадасына жолдама алады. AIBA рейтингісінде өз салмақ жәрежесінде жоғары орында тұруына байланысты, Серік Олимпиада ойындарын 1-айналымнан емес, 2-айналымнан бастайды.

  • 3 тамыз 2-айналымда жапондық Ясухиро Сузуки 25-11 есебімен оңай жеңіп, ширек финалға жолдама алады.
  • 8 тамыз Ширек финалда венесэуалалық Габриэль Маэстре Перезпен кездесіп, 20:9 есебімен айтарлықтай оңай жеңіске жетті.
  • 10 тамыз Жартылай финалда Серик Миланда өткен Бокстан әлем чемпионатында жеңіліп қалған ресейлік Адрей Замковоймен кездесіп жеңіске жетті.
  • 14 тамыз Финалда шаршы алаң иесі Фредди Эвансқа жолыққан Серік, қарсыласын 17:9 есебімен тізе бүктірді. Серік бұл жеңіске қол жеткізу үшін 17 жыл аянбай тер төкті - деп, Александр Стрельников бапкер ағынан жарылды. Қазақ боксының ғана емес, әлем боксының жарық жұлдызына айналып үлген Серік Сәпиев Олимпиаданың ең үздік боксышы атанып, Баркер кубогын қанжығасына байлады.<ref>Ғажап Сәпиев Жартылай орташа салмақта олимпиада чемпионы және турнирдың үздік боксшысы атанды</ref>
Жартылай орташа салмақ
Кезең Спортшы Нәтижесі Спортшы
1/8 Үлгі:Flagicon Серік Сәпиев 25:11 Үлгі:Flagicon Ясухиро Сузуки
1/4 Үлгі:Flagicon Серік Сәпиев 20:9 Үлгі:Flagicon Габриэль Маэстре Перез
1/2 Үлгі:Flagicon Серік Сәпиев 18:12 Үлгі:Flagicon Адрей Замковой
Финал Үлгі:Flagicon Серік Сәпиев 17:9 Үлгі:Flagicon Фредди Эванс
<ref>Серік Сәпиев: «И это переживем…»</ref>

Жанұясы

  • Әкесі - Жұманғали Дәуітұлы Сәпиев
  • Анасы - Ирина Фоминична Сәпиева
  • Ағасы - Сергей Жұманғалиұлы Сәпиев
  • Ағасы - Бақытай Жұманғалиұлы Сәпиев
  • Қарындасы - Людмила Жұманғалиқызы Сәпиева
  • Жолдасы - Мөлдір Балғабайқызы
  • Қызы - Аққу<ref>Серік Сәпиев: Алланың жолындағы адаммын</ref>

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер