Серік Ақсұнқарұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Серік Ақсұнқарұлы -1950 жылы 29 наурызда Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, "Қызыларай" ұжымшарында дүниеге келген.<ref>"Қазақстан жазушылары" анықтамалық, Ан Арыс баспасы, Алматы, 2009,ISBN 978-601-7130-43-5</ref>. Қарағанды педагогикалық институтында,әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінде оқыған. Ақтоғай аудандық, "Арқа еңбеккері", Қарқаралы аудандық "Коммунизм таңы" газеттерінде тілші,бөлім меңгеушісі, Қазақстан Жазушылар одағы Қарағанды-Жезқазған облысаралық бөлімшесінің жауапты хатшысы болып қызмет атқарған. Қазір облыстық "Орталық Қазақстан" газеті бас редакторының әдебиет жөніндегі кеңесшісі. Қазақстан Жазушылар одағының Қарағанды облыстық филиалының директоры.

Шығармалары

Жас ақындардың "Көктем тынысы" ("Жазушы",1975), "Қарлығаш"("Жалын",1981)жинақтарында бір топ өлеңдері жарық көрген. "XX ғасырдың жиырма сәті" поэма-понорамасы ("Жалын", 1990),"Ғасыр кардиогрмассы" ("Жазушы",1991) кітаптары, "Адам ата-һауа Ана"("Қазақстан", 2000), "Өмір деген күнді айналу" ("Жазушы",1991), "Төбемнен жауһар жауып тұр" (2005), "Қыпшақ хикаясы"("Қазығұрт",2008) атты өлең поэмалар жинағы жарық көрген. А. Пушкин, А.Ахметова, М.Цветаева, Е. Евтушенко, А. Вознесенский, Р. Рождественский, т.б шетел ақындарын қазақшаға тәржімалаған.

Жетістіктері

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарт министрлігінің "Мәдинет қайраткері" белгісімен марапатталған.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}