Серпер (газет)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Газет Үлгі:Мағына СерперАтырау облысы, Құрманғазы аудандық газеті. Облыстың аудандық газеттері арасында алғаш жарық көрген басылым. Алғашқы саны «Балықшылар үні» деген атпен 1930 жылы 10 қазанда шықты. 1945 жылдың 1 қаңтарынан «Социалистік жол», 1963 жылдан «Ленин жолы», кейін «Кеңес үні», 1994 жылдан «Серпер». Алғашында 832 данамен аптасына бір рет екі беттік (шағын көлемді) болып шықты. Газетте көбіне балықшылық кәсіп туралы жазылып тұрды. Кейінірек аудан экономикасының әр тарапты болуына орай газет тақырыбы да кеңейе берді. Әсіресе, ауыл-шаруашылық мәселелері, малшылар өмірі, ауыл тұрмысы баса көрсетілетін болды. Ауданның экономикалық, саяси, мәдени өмірі кең қамтылып жазылды. Газеттің алғашқы редакторы - Шайдолла Молдабеков. Әр жылдарда газет редакторлары болып Б. Байменов, Ғ. Аманғалиев, Д. Жалмұханов, С. Хайдаров, X. Тәкішов, С. Ерғалиев, М. Ысқақов, Т. Құрманғалиев, Т. Хамеденов, Т. Берішбаев қызмет атқарды. Газетте бұрынғы жылдары М. Сатыбалдиев, Р. Отарбаев, Р. Иманғалиев, Қ. Елемесов, Қ. Ғұмаров сияқты қаламгерлер істеген. Редакторы – Таңатар Дәрелов. «Серпер» аптасына бір рет шығып тұрады. Таралымы 1087 дана (1999).<ref>Атырау: Энциклопедия. -Алматы: Атамұра, 2000 ISBN 5-7667-9129-1</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер