Сергей Павлович Бобров

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сергей Павлович Бобров – орыс ақыны, сыншы, аудармашы, математик. <ref>http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D0%BE%D0%B1%D1%80%D0%BE%D0%B2,_%D0%A1%D0%B5%D1%80%D0%B3%D0%B5%D0%B9_%D0%9F%D0%B0%D0%B2%D0%BB%D0%BE%D0%B2%D0%B8%D1%87</ref>

Дереккөздер

Өмірі

1889 жылы қараша айында Мәскеу қаласында дүниеге келген. Катков лицейінде білім алған. 1904-1909 жылдары сурет саласында оқыған. 1911 жылдан бастап Мәскеу археологиялық институтында ерікті тыңдарман болған.

Қызметі

«Русский архив» газетінде қызмет атқарған. Пушкин мен Языковтың еңбектерін зерттеген. 9 түрлі лақабын қолдана отырып, «Центрифуганың екінші жинағы» антологиясын толтырған. Бобровтың өлеңдері 1913-1917 жылдары революцияға дейінгі жинақтарда жарық көрген. Мысалы: («Вертоградари над лозами», «Алмазные леса», «Лира лир» т.б. Өмірінің соңына дейін өлең жолдарын жазуды тоқтатпаған. 1960 жылы «День поэзии» кітабы шығады.

Еңбектері

20 ғасырдың басында Бобровтың 3 әлеуметтік романы жарық көреді: «Восстание мизантропов» (1922), «Спецификация идитола» (1923) және «Нашедший сокровище» (1931, А. Юрлов лақабымен). Балаларға арналған 2 ғылыми кітап шығарады: «Волшебный двурог» (1949) және «Архимедово лето» (1960-е, 2 бөлім). Аударма істерімен көп айналысқан. А.Рембоның «Пьяного корабля» толық аудармасын жасаған. «Песнь о Роланде» еңбегін орыс тіліне аударған. Өкінішке орай көптеген аудармалары жарық көрмеген.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}