Сергей Жұмабайұлы Әзімов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Кинематограф Сергей Жұмабайұлы Әзімов (1954 жылы 30 маусымда ӨзКСР-ның Қарақалпақстанындағы Нүкіс қаласы) — кинорежиссер, продюсер. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1996). Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1990).

Толығырақ

  • Әкесі - Әзімов Жұмабай (1924-1994), ҰОС қатысқан,орталықтық газеттер мен журналдардың бірқатарының журналисі болған. Анасы - Әзімова Лидия Николаевна (1930 жылы туған), зейнеткер, қаржы қызметкері болған.
  • Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының кинорежиссура факультөтін бітірген (Мәскеу қаласы, 1978), деректі кино мен телефильмнің режиссері. Көрнекті кинодокументалист-шебер Р.Л.Карменнің шеберханасында тәжірибеден өткен.
  • Еуразия телеакадемиясының толық мүшесі (Мәскеу қаласы , 2005).Республикалық және халықаралық БАҚ-дағы кинематография бойынша жазылған бірқатар мақалалардың авторы.
  • Қазақ және орыс тілдерін біледі.
  • 1970 жылдан - ӨзКСР Қарақалпақстанындағы Нүкіс аудандық «Коммунизм байрағы» газеті редакциясының әдеби қызметкері. 1971-1973 жылдары - «Қазақфильм» студиясында режиссердің көмекшісі, режиссердің ассистенті. 1978 жылдан - «Қазақфильм» студиясында 3-ші санаттағы кинорежиссер. 1979 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1980 жылдан - Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында хроникалық-деректі фильмдердің 3-ші, 2-ші, 1-ші және жоғары санаттардағы кинорежиссері. 1996 жылдан - ҚР Президентінің баспасөз қызметінде сектор меңгерушісі. 1997 жылдан - «ҚР Президентінің телерадиокешені» мемлекеттік мекемесі бас директорының орынбасары, Алматы қаласындағы филиалының директоры. 2001 жылдан - «Хабар» Агенттігі» ЖАҚ бағдарламалар дирекциясының №1 шығармашылық-өндірістік бірлестігінің бас продюсері. 2002 жылдан - «Хан Тәңірі» тәуелсіз продюсерлік орталығының бас директоры. 2002 жылдан - Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» ҰК киностудиясының бас директоры. 2007 жылдан бері - «Панарис» кинокомпаниясының директоры.

Мемлекеттік марапаттары

Жеке қасиеттері

  • «Нұр Отан» ХДП саяси кеңесінің мүшесі.
  • Әскери атағы - аға лейтенант.
  • Діни көзқарасы - діни төзімділік.
  • Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Ш.де Голль, М.Шоқай.
  • Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Өркендеген зайырлы демократиялық мемлекет».
  • Үйленген. Жұбайы - Әзімова Марзан (1964 жылы туған), дәрігер.Қыздары - Дария (1987 жылы туған), Әлия (1997 жылы туған), Дамели (2007 жылы туған); ұлы - Адайхан (1990 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:ДереккөздерҮлгі:Bio-stub