Сергей Александрович Дьяченко
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Сергей Александрович Дьяченко (18 қыркүйек 1952, Шортанды кенті, Ақмола облысы - 26 қазан 2016, Астана Қазақстан) — Қазақстан Республикасының мемлекеттік қайраткері, Саяси ғылымдардың кандидаты (1998), докторы (2003). Орыс.
Өмірбаяны
- Куйбышев жоспарлау институтының өнеркәсіп-экономикалық факультетін бітірген (1983), экономист;
- Алматы Жоғары партия мектебін бітірген (1987), саясаттанушы.
- 1973 жылдан - РКФСР Пенза облысының Кузнецк қаласындағы Желдеткіштер және саймандар зауытында инженер-экономист.
- 1973 жылдан - Приморск өлкесінде, Кеңес Әскерінің қатарында қызметте.
- 1975 жылдан - Қазақстан ЛЖКО Шортанды аудандық комитетінің нұсқаушысы; Шортанды аудандық атқару комитетінің мәдениет бөлімінде меңгеруші, Қазақстан ЛЖКО Шортанды аудандық комитетінің бірінші хатшысы, екінші хатшысы
- Қазақстан ЛЖКО Целиноград обкомының бірінші хатшысы, Қазақстан ЛЖКО ОК екінші хатшысы.
- 1985 жылдан - Қазақстан Компартиясы Көкшетау қалалық комитетінің бірінші хатшысы, сонымен қатар 1990 жылдан - Көкшетау Халық депутаттары кеңесінің төрағасы.
- 1991 жылдан - жастар ісі, дене шынықтыру және спорт жөніндегі ҚазКСР Мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары
- 1991 жылдың қыркүйек айынан - ҚР спорт, дене шынықтыру және туризм министрінің орынбасары.
- 1993 жылдан - «Қазақстан халықтарының бірлігі» одағы саяси кеңесі төрағасының орынбасары.
- 1995 жылдың ақпан айынан - «Қазақстан халықтарының бірлігі» партиясы ОК төрағасының бірінші орынбасары.
- 1999 жылдың наурыз айынан - «Отан» Алматы қалалық партия ұйымы төрағасының орынбасары - атқарушы директор.
- 1999 жылдың қазан айынан - 2-ші шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісінің дөпутаты.
- 2004 жылдан - депутат, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары.
- 2010-2012 жылдары - Ақмола облысының әкімі.
- 20 қаңтар 2012 жылғы 20 қаңтардан Қазақстан Республикасы Мәжілісі төрағасының орынбасары.
Ғылыми еңбектері
Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Қазақстандағы демократиялық жаңғыру мәселелері (саяси сараптама)». Саясаттану профессоры (2008). ҚР Саяси ғылымдары академиясының мүше-корреспонденті (1998 жылдан).
- «Қазақстандағы партогенез: жағдайы, мәселөсі, болашағы» (1997)
- «Қазіргі Қазақстандағы саяси транзит» (2001) монографияларының;
- «Диалог со временем» (2004)
- «В формате грядущего дня» (2006)
- «Искусство возможного» (2008) кітаптарының;
- сонымен қатар 300-ден ғылыми жарияланымдардың, мақалалардың, сұхбаттардың авторы.
Марапаттары
- «Құрмет белгісі» (1981)
- «Парасат» (2004)
- ТМД мемлекеттері-қатысушылар ассамблеясы Парламентаралық кеңесінің «Достастық» ордені
- I дәрежелі «Достық» (2009) ордендерімен;
- «Ерен еңбегі үшін» (1977)
- 5 мерейтой медальдарымен;
- ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
Отбасы
- Әкесі - Дьяченко Александр Кузьмич, марқұм, жұмысшы болған. Анасы - Дьяченко Бронислава Антоновна, зейнеткер, қызметкер болған.
- Үйленген. Жұбайы - Дьяченко Лидия Борисовна, «Астана-қалажобалау» ЖШС жетекші маманы. Қыздары - Наталья
(1972 ж. т.), Ольга (1977 ж. т.); ұлы - Олег (1977 ж. т.).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
Санат:
- 18 қыркүйекте туғандар
- Шортанды ауданында туғандар
- Қазақстан мемлекет қайраткерлері
- Ақмола облысының әкімдері
- Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің депутаттары
- I дәрежелі Достық орденінің иегерлері
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалінің иегерлері
- Құрмет Белгісі орденінің иегерлері
- Достастық орденінің иегерлері
- Саясат ғылымдарының докторлары
- Ерен еңбегі үшін медалінің иегерлері