Сенім білдірген адам

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сенім білдірген адам — өзге бір адамның (сенім білдірушінің) мүддесі үшін заңды іс-әрекет жасайтын кісі. Ол сенім білдірушімен шарт жасасуы керек, шарттың мазмұны әрқилы болуы мүмкін (тауар сату-алу, сотта қаралатын іске қатысу, т.б.). Сенім білдірген адам барлық жағдайда сенім білдірушінің атынан және есебінен іс-әрекет атқарады. Сенім білдіруші тапсырма мәнін сенімхатта көрсетеді. Мүлікке билік етуге берілетін сенімхат нотариалдық куәландырылған болуы керек. Сенім білдірген адам міндеттеріне мыналар жатады: тапсырманы тек өзінің орындауы, сенім білдірушіге тапсырманың орындалу барысы туралы мәліметтерді хабарлау, жасалған мәміле арқылы қолына түскен затты, ақшаны, деректі сенім білдірушіге беріп отыру, тапсырма орындалған сәтте мерзімі аяқталмаған болса да сенімхатты қайтару.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}