Сензитивтік кезеңдер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сензитивтік кезеңдер (Үлгі:Lang-la - сезімталдық, туйсіну) — организмнің қоршаған ортаға өте жоғары сезімталдығын көрсететін кезеңдер. Мысалы, 5 жастағы бала фонетикалық дыбыстарға өте бейімді келеді, ал осы кезеңнен өте бере бұл сезімталдылығы бәсеңдейді. Сензитивтік кезеңдер — бала психологиясының ең жоғары кезеңі болып саналады, яғни бұл кезең барлық психикалық процестер мен психикалық құбылыстардың күшті дамитын кезеңдері. Осыған орай, баланы тым ерте бір нәрселерге үйрету оның психикасына қолайсыз жағдайлар туғызуы мүмкін, бірақ үйретуді өте кеш бастаған да жақсы нәтижелерге жеткізбейді. Сондықтан сензитивтік кезеңдер мен балалардың жас ерекшеліктерінің арасында айтарлықтай айырмашылықтар бар екенін ескеру керек.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}