Сенека

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сенека Луций Анней (біздің заманымыздан бұрын 5 жылы Кордуба, – біздің заманымыздың 65, Рим) – римдік философ, мемлекет қайраткері. Император Неронның тәрбиешісі және ел басшылығына ықпалын жүргізген кеңесшісі болған. Кейіннен императордың қаїарына ұшырап, өзін-өзі өлтіруге мәжбүр болды. Сенеканың көптеген еңбектері (“Луциге хаттар”, т.б.) бізге түпнұсқа түрінде жеткен. Өз дәуірінің шиеленісті мәселелерін бейнелеген Сенека ілімі өте қайшылықты болды. Грек философтарының ізімен, яғни дүниені материалдық бірлікте және зерделі тұтастықта қарастыра отырып, Сенека негізінен этикетика-ғибраттық мәселелермен шұғылданды. Егер олардың шешімдері дұрыс табылса, оның сөзімен айтқанда, рухтың тыныштығы мен тұнықтығына қол жетеді. Ол өзінің негізінен индивидуалистік этикасын қоғам және мемлекет міндеттерімен байланыстыруға тырысты. Сенека этикасы кейінен христиандық идеологияның дүниеге келуіне үлкен ықпалын тигізді.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том</ref><ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3</ref><ref>Өнер: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулык/Қ.Болатбаев, Е.Қосбармақов, А.Еркебай. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-33-998-8</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Сенека|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}