Семей облыстық қазақ съездері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Семей облыстық қазақ съездері. 1917-1918 жылдар аралығында Семей облысындағы қазақ-қырғыздарының съезі өтті.

Бірінші Семей облыстық қазақ съезі

Алғашқы Семей облыстық қазақ съезі 1917 жылдың 27 сәуір және 7 мамыр аралығында болып өтті. Оның жұмысына Жақып Ақбаев, Райымжан Мәрсеков, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ахметжан Қозыбағаров, Әлімхан Ермеков, Нәзипа Құлжанова, Сатылған Сабатаев, Биахмет Сәрсенов, Халел Ғаббасов, Жүсіпбек Аймауытов, Мәнан Тұрғанбаев сияқты белсенді қазақ интеллигенттерінің үлкен тобының қатысқаны едәуір ықпал еткені сөзсіз. Ж.Ақбаев төрағалық жасаған съездің күн тәртібінде, негізінен, Торғай және басқа облыстық съездер қараған мәселелер, сонымен бірге мұнда әйелдер теңдігінің дербес мәселе есебінде қойылды. Съез делегаттары бірауыздан тезірек Бүкілресейлік Құрылтай жиналысын шақыру қажеттігін, ең негізгі мәселелерді тек Құрылтай жиналысы ғана шешуге құқықты екендігін, ел арасына тыныштық пен татулықты сол ғана алып келе алатындығын айтып, оның жұмысына барлық халықтардың өкілдері қатынасып, сайлау құқығы жалпыға бірдей, тең, төте және құпия болуын, ешқандай да білім, мүлік, жыныс және отырықшылық езгі болмауын жақтады. Сондай-ақ осы съезде қазақ зиялылары түңғыш рет өздерінің ұлт мәселесіне байланысты бағдарламасын анық және нақты берген еді. Олар «автономия және жергілікті басқару» атты мәселе бойынша қабылдаған қаулыларында «бірінші ресейлік Құрылтай жиналысында ұлы Ресейді мекендейтін барлық халықтардың бостандығы, теңдігі және туыстығы бекітіліп, оларға қоғамдық өмірін өз қалауынша, өздерінің ұлттық, тұрмыстық, мәдени, экономикалық, тарихи-географиялық ерекшеліктеріне сай құруға мүмкіншілік беруге тиіс» деп көрсетті.

Екінші Семей облыстық қазақ съезі

Семейдегі екінші облыстық қазақ съезі 1917 жылдың 12 қыркүйегінде болды. Бұл съезге өкілдер аз келгендіктен мұны съез демей, кеңес деп атады. Кеңестің төрағасы Р.Мәрсеков, орынбасары Ж.Ақбаев, қазынашылары И.Әлімбеков, М.Малдыбаев болды. Екінші Семей облыстық съезіндегі ерекшелік - облыстық қазақ комитетінің 1-ші облыстық съезден осы күнге дейін атқарған жұмыстары туралы есеп беруі еді. Елдің тыныштығын сақтау мақсатында милиция сайлау мәселесі алғаш рет осы съезде көтерілді. Кәсіби шеберханалар ашу мәселесінің күн тәртібіне қойылуы - халықтың тұрмыстық қажеттіліктерін қанағаттандыруға жасалған алғашқы қадамы еді.

Үшінші Семей облыстық қазақ съезі

Семей облысының үшінші съезі 1918 жылдың 10-13 мамыр аралығында өтті. Оған 316 адам қатысты. Съездің күн тәртібіне 8 мәселе енді. Олар: автономия туралы; заманның қазіргі халі; жергілікті мекемелер; облыстық сот; жер мәселесі; оқу-ағарту ісі; азық-түлік мәселесі; Түркістан өлкесіндегі қырғынға ұшыраған қазақ-қырғыз жайы. Съезде Атқару комитеті мен қазақ комитетін біріктіру туралы қаулы қабылданды. Әйтсе де, бұл шешім қазақ комитетінің кейбір өкілдері тарапынан толық қолдау таппады. Жалпы, съез мәліметтеріне қарағанда Семей облысында Кеңестердің ықпалы зор болған.

Семей облыстық қазақ съезінің қаулысы

Бұл қаулы «Сарыарқа» газетінің 1917 жылғы 3-нөмірінде жарияланған. Қаулы бес бөліктен тұрады. Онда мемлекет түрі, қазақтың тәуелсіздігі, жергілікті басқару, Құрылтай жиналысына өкілдер сайлау, Уақытша комитеттер ашу сияқты мәселелер көрсетілген. Бұл қаулы 1917 жылдың 9 қарашасында өткен «Алаш» партиясының Семей облыстық комитетінің қаулысына негіз болды. Осы құжаттардың атап өтерлік ерекшелігі - оның бірқатар баптары «Алаш» партиясының бағдарламасынан көрініс тапқанын байқауға болады.<ref>«Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Семей облыстық қазақ съездері|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}