Сембинов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Сембинов Болат Қаскенұлы (3.11.1958 жылы туған,Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Қапланбек ауылы) – әскери қайраткер, генерал-лейтинант. Киев жоғары әскери-теңіз саяси училищесін (1980), Мәскеудегі Әскери-саяси академияны (1991) бітірген. Каспий флотилиясының (1980 – 88) және Тынық мұхит флотының (1991 – 92) күзет кемелерінде лауазымды қызметтерде болды. 1992 – 94 жылдары Алматы жоғары жалпы командалық әскери училищесі бастығының көмекшісі, аға оқытушы, 1994 – 97 жылдары ҚР Қорғаныс министрінде бөлім бастығы, іс басқармасының бастығы – әскери коллегияның хатшысы, 1997 – 2003 жылдары Қорғаныс министрінің көмекшісі, министр аппаратының бастығы қызметтерін атқарды. 2003 жылдың қыркүйегінен ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары. 2-дәрежелі “Айбын” орденімен, медальдармен марапатталған. <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub