Семангтар

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Семангтар (өз атаулары — мени, менди) — Малайзияның солтүстігі мен Тайландтың оңтүстігінде тұратын тайпалар тобы. Малакка түбегінің орталық бөлігін мекендеген ежелгі тұрғын халықтардың ұрпағы, антропологиялық жағынан аласа бойлы австралиялық нәсілге жатады. Жалпы саны 5,9 мың адам. Тілі мон-кхмер тіліне жатады. Семангтардың басым көпшілігі ауыл шаруашылығында жұмыс істейді. Кокос, күріш, гевея, кофе, т.б. өсіреді. Үйлерін бамбук ағашынан тұрғызады. Дәстүрлі наным-сенімдерімен қатар ислам дінін де ұстанады.


Әдеб.: Народы мира, Энциклопедический справочник, М., 1988.


Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub Үлгі:Wikify