Сексенәлі Раханов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сексенәлі Раханов (5.2. 1945 жылы туған, Жаңақорған ауданы Бірлік ауылы) – оқу-ағарту саласының қызметкері. Қызылорда педагогикалық институтын физика мамандығы бойынша бітірген. (1971). Еңбек жолын Жаңақорған ауданындағы 55-орта мектепте бастады. 1976 – 79 жылдары кәсіптік-техникалық училищесінің директоры, 1979 – 87 жылдары облыстық кәсіптік-техникалық білім беру басқармасы бастығының орынбасары, 1987 – 2005 жылдары Қызылорда қаласындағы кәсіптік-техникалық мектептердің директоры болды. 2005 жылдан 8-облыстық арнаулы санаториялық мектеп-интернаттың директоры қызметін атқарып келеді. Раханов кәсіптік-техникалық білім беру саласында жеткен жетістіктері үшін «Қазақстан Республикасы кәсіптік-техникалық білім беру үздігі» (1983) және «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі» (1993) белгісімен марапатталған. Раханов «Қызылорда облысының құрметті қайраткері» атағына ие болды. 2000 жылы «Ғасыр адамы» байқауында Қызылорда облысы бойынша «Шабыттың шыққан шыңында» номинациясының иегері болды.

Сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Сексенәлі Раханов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}