Сейітхан Ахметұлы Жантөрин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сейітхан Ахметұлы Жантөрин (1837 — ө.ж.б.) — Қайып хан әулетінен шыққан сұлтан, зерттеуші, Ресей географиялық қоғамының мүшесі, Кіші жүздің Шығыс бөлігінің билеуші сұлтаны болған А.Жантөриннің баласы. 1855 жылы Орынбор Неплюев кадет корпусын сотник шенінде бітіріп, 1860 жылы 25 ақпаннан бастап Орынбор облыстық басқармасында қызмет істейді. Қазақ әдебиеті, этнографиясы мен тұрмыс-тіршілігі жөнінде елеулі еңбектер жариялады. 1875 жылы Тілеу Сейдалинмен бірге «Қазақ поэзиясының үлгілері» зерттеуін, 1885 жылы «Қазақ поэзиясының эпостық және лирикалық өлең үлгілері» кітабын шығарды. «Кенесары туралы жыр», «Қаратаудың басынан көш келеді», «Шалкиіздің Битемірге айтқаны» секілді көптеген жырларды, қайым айтыс үлгісін орыс тіліне аударды. «Коннезавод» журналының 1883 жылы 7-8 нөмірлерінде Жантөріннің «Қазақ жылқы шаруашылығының очерктері» атты 67 беттік көлемді зерттеуі жарық көрді. Орал облысының Калмыков уезіндегі, Бөкей ордасындағы жылқы өсіру, атбегілік, шабандоздық туралы құнды деректер келтіреді. Санкт-Петербургте өткен шығысты зерттеуші ориенталистердің халықаралық конгресіне арнап экспонаттар жинады. 1882 жылы Санкт-Петербург пен Мәскеуде болды. Қазақ офицері - Жантөринге 1876 жылы подполковник шені берілді. Жантөрин Бөкей ордасының ханы Жәңгірдің қызы Хадишаға үйленді. Баласы Сәлімгерей Жантөрин Ресейдің 1-мемлекеттік думасына мүше болған.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub