Сейіл Боранбайұлы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Боранбайұлы Сейіл (1930, Қазалы ауданы, Сағындық ауылы– 20.7.2005) – ақын.
- Қызылорда педагогикалық институтының (Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін) тарих философиясы факультетін бітірген (1953).
- 1957 жылға дейін Қостанай облысының Жангелдин ауданы, Қызылорда облысының Қазалы аудандарында мұғалімдік қызмет атқарды.
- 1957 – 62 жылы ауданы «Социалистік жол» газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, редактор болып істеді.
- 1962 – 90 жылы ауданы «Ленин туы» газетінде редактор, облыстық «Ленин жолы» газетінде бас редактордың бірінші орынбасары, облыстық баспасөз басқармасының бастығы қызметтерін атқарған.
- Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Қызылорда облыстық ұйымының төрағасы болды.
Шығармалары
Боранбайұлының тұңғыш жинағы:
- «Ұстаз» 1966 жылы жарық көрген.
- «Табиғатқа тіл бітсе»,
- «Мырза маусым»,
- «Қайырлы таң»,
- «Төрт түліктің төлдері»,
- «Халқым қалай күн көрер» атты жыр кітаптарын жазған. Бірқатар өлеңдері қарақалпақ тіліндегі «Дала туысқандығы», латын тіліндегі «Дала қызғалдақтары» кітаптарында жарық көрген.<ref>Қазақ Энциклопедиясы, II-том</ref><ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>
Дереккөздер
<references/>