Светлана Ивановна Ферхо

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Светлана Ивановна Ферхо.JPG
Светлана Ивановна Ферхо

Светлана Ивановна Ферхо - 1953 жылы 9 наурызда Шығыс Қазақстан облысының Зырян қаласында туған. Орыс.

Анасы - Дилье Мария Григорьевна, зейнеткер, Зырян ет комбинатында бухгалтер болып жұмыс істеген.

Өскемен педагогикалық институтының тарих факультетін бітірген (1979); тарих, қоғамтану пәндерінің мұғалімі. Педагогика ғылымдарының кандидаты (2004). Кандидаттықдиссертациясының тақырыбы: «Оқыту процессіндегі электронды оқулық басылымдарын пайдалану жөніндегі мұғалімдердің біліктілік кәсіпқойшылығының қалыптасуы». 20 жарияланымның авторы.

«Нұр Отан» ХДП мүшесі (1997 жылдан).

1970 жылдан - Ленин атындағы орта мектепте аға пионерлер жетекшісі, тарих, қоғамтану пәндерінің мұғалімі (Зырян қаласы). 1977 жылдан - Островский атындағы орта мектепте мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастырушы (Зырян қаласы). 1983 жылдан - Островский атындағы орта мектептің директоры. 1991 жылдан - Зырян қаласының білім беру бөлімінің меңгерушісі. 1999 жылдан - Шығыс Қазақстан облысының білім беру департаментінің директоры. 2006 жылдан - Өскемен қаласы әкімінің орынбасары 2007 жылдан бері - Қазақстан Парламенті Мәжiлiсі 4-ші шақырылымының «Нұр Отан» ХДП тізімі бойынша депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі. Облыстық іскер әйелдер ассоциациясының мүшесі.

ҚазКСР білім беру үздігі (1985). ҚР Құрметті білім беру қызметкері (2002). «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Ерен еңбегі үшін» (2004) медальдарымен; ҚазКСР Құрмет грамотасымен (1983) марапатталған.

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Өркендеу тәуелсіздік, жоғары бедел, Қазақстан халықтарының достығының мойындалуы».

Хоббиі - саяхат, достармен араласу.

Сүйіп оқитын әдебиеті - классикалық әдебиет.

Тұрмыс құрған. Жұбайы - Ферхо Валерий Адольфович (1948 жылы туған), «Алтай Пауэр» Согринск ЖЭО АҚ кураторы. Ұлы - Игорь (1974 жылы туған); қызы - Ольга (1985 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}