Светлана Борисовна Шаметова
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Шаметова Светлана Борисовна (1946 – 2002) – партия қызметкері. Алматы халық шаруашылығы институтын (қазіргі Қазақ басқару академиясы, 2001) және Алматы жоғары партия мектебін (1985) бітірген. 1965 – 85 ж. «Маңғышлақмұнайгазбарлау» тресінде кадр бөлімінде инспектр, аға инженер, экономикалық-жоспарлау бөлімінде аға инженер, 1985 – 95 ж. Форт-Шевченко қалалық партия комитетінің хатшысы, Ақтау қаласы әкімінің орынбасары, 1995 – 2002 ж. облыс әкімінің орынбасары, облысы қаржы бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған. Медальдармен марапатталған.<ref>«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007. </ref>
Дереккөздер
<references/>