Саңылаулы байланыс

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Саңылаулы байланыс (нексус, щелевидное соединение); (лат. nexus — байланыс, қосылу) — жасушааралық байланыстың түрі.

Көрші жатқан жасушалар плазмолеммалары өзара жанасып байланыс кезінде, олардың аралықтарында ені 2-3 нм саңылау тәрізді кеңістік қалады. Саңылаулы байланыстың жанасу аумағы 0,5- 1,0 мкм. Көрші жасушалар плазмолеммаларының құрамындағы арнайы протеинді кешендер — коннексондар бір жасушадан екінші жасушаға өтетін ұзындығы 2,0 нм өзекшелер түзеді. Саңылаулы байланыс организм ұлпаларының барлық түрлерінде кездеседі. Саңылаулы байланыс — өзекшелерінің қабырғалары арқылы бір жасушадан екінші жасушаға иондар, ұсақ молекулалар өтеді.

Мысалы, жүрек бұлшықеттері жасушаларындағы қозу процестері бір кардиомиоциттен екінші кардиомиопитке саңылаулы байланыс (нексус) арқылы беріледі. Саңылаулы байланыс — жасушааралық қатынастарды реттейді, химиялық заттардың алмасуын қамтамасыз етеді.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}