Сағындық Досжанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Досжанов Сағындықтың қай жылы туып, қай жылы дүниеден өткені туралы нақты дерек жоқ. Белгілі деректерге қарағанда, 1900 жылы Орынбордағы Қырғыз (қазақ) оқытушылар мектебін бітірген. Қазақ халқының тарихында Алашорда дәуірі - ерекше дәуір. Ол кезеңнің қайраткерлері еркін көсіліп, жұмыс істей алған жоқ. Сыртқы қастас күштердің кедергісі көп болды. Бірақ тарихтың өз қағидасы бар, әр дәуірде елге көшбасшы болған тұлғалар өзі жасаған дәуірдің талабын дөп басып, халқына пайдалы, игі істер атқарып отырды. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында қазақ қоғамына оқу, білім өте кажет болды. Осы қажеттілікті дөп басып таныған қазақ оқығандары әлеуметтік жұмыстың басты түйінін мектеп, медресе ашып, бала оқыту ісіне аударды. Ы.Алтынсарин бастаған ағартушылар әр жерде мектеп ашып, бала оқыту ісіне жіті көңіл бөлді. Солардың бірі - Досжанов Сағындық. Оқу-ағарту ісімен шұғылданған ағартушы қайраткер. Ол - Ыбырай Алтынсариннің шәкірті. Орынбордағы оқытушылар мектебін бітірген соң, Орынборға жақын Томарөткел деген жерде және Бұрты болысында екі кластық орыс-қырғыз (қазақ) мектебін ашты. Өзі ашқан мектептерде қазақ балаларын оқытып, шәкірт тәрбиелейді. Сол мектептерді өзі басқарады. Сөйтіп, ағартушылық жұмысының іргетасын осылай калайды. Ойыл, Қобда және Қалмаққырған деген жерлерде де мектептер ұйымдастырған. Ол мектеп ашып, бала оқытудың сыртында білімнің маңызын, қазақ қоғамына қажеттілігін түсіндіріп, қазақ балаларын білім алуға шақырып, үгіт- насихат жұмыстарын жүргізді. Сөйтіп, қазақ қоғамындағы ағартушылықтың жүзеге асуына, халықтың сауаттануына үлес қосады.<ref>«Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub