Сағындықов Абхан Әбдірашұлы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Абхан Әбдірашұлы Сағындықов (21.3.1947 ж.туған, Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан ауданының Ащысай кенті) — ғалым, химия ғылымының докторы (1993), профессор ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ-ті) бітірген (1970). 1972 — 80 ж. ҚазҰУ-де ғылыми-педагогикалық қызметтер атқарды. 1980 — 84 ж. ҚазҰТУ-дың аналитикалық және физикалық химия кафедрасында меңгеруші, 1984 — 86 ж. Қазақстан ғылым академиясының Мұнай және табиғи тұздар институтында лаборатория меңгерушісі болды. 1986 — 97 ж. Қазақ салааралық ғылыми-техникалық орталығы және жану мәселелері институтында жұмыс істеді. 1997 — 2000 ж. ҚазҰУ-дың Мұнайөндіру химиясы институтында директор. 2000 жылдан “A Core Laboratorіes” компаниясы құрамындағы “Сейболт-Қазақстан” біріккен қазақ-голланд кәсіпорнының бас директоры. Сағындықовтың негізгі ғылыми еңбектері өнеркәсіптік мақсатта өндірілетін сутек пен табиғи отынның (табиғи газ, мұнай, көмір) жану процестерінің физикалық-химиялық заңдылықтарын зерттеуге, қойнауқаттардың мұнай қайтаруын жоғарылатудың жаңа ғылыми жолдарын жасауға арналған. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығын алған (1992). Сағындықов 100-ден аса ғылыми еңбектің, оның ішінде 15 авторлық куәліктер мен патенттердің авторы.

<ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 - том</ref> <ref>Проблемы внутрипластового горения нефтей западного Казахстана, А.-А., 1984;</ref> <ref>Исследование распределения атомарного водорода в продуктах сгорания водородо-кислородных предварительно перемешанных и диффузионных пламен, А.-А., 1985;</ref> <ref>Опыт иницирования внутрипластового горения на месторождений Каражанбас, А.-А., 1989.</ref>

Дереккөздер:

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub