Сағидолла Ізбасарұлы Байрақымов
Сағидолла Ізбасарұлы Байрақымов (1936 жылы туған, қазіргі Алматы облысы Көксу ауданы Мұқыр ауылы) – ауыл шаруашық ғылым докторы (1996), профессор (]]2002]]). Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашығы институтын (1960, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген. Бұрынғы Талдықорған (қазіргі Алматы) облысында Көксу ауданы (1960–1961), Қазақстан Ғылыми Академиясының Ботаника институтында (1961–1965), Қазақтың өсімдік қорғау ғылыми-зертханалық институтында (1965–1980), Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтында (1980–1985), 1996 жылдан қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университетінде өндірістік-ғылыми және педогогикалық қызметте, Қазақ егіншілік ғылыми-зертханалық институтында бөлім меңгерушісі (1997–2002) қызметтерін атқарды. 100-ден астам ғылыми еңбектің авторы. <ref name=source1>қазақ энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер</span>
<references/>