Саят Мұратұлы Ыбыраев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Infobox Scientist

Ыбыраев Саят Мұратұлы <ref>http://ibrayev.kz</ref> (14.10.1966 ж.т., Алматы қ.) – техника ғылымының докторы (1997). Мәскеу мемлекеттік университетін (1988), Қазақ КСР-і ғылым академиясының Математика және механика институтының аспирантурасын (1991) бітірген. Осы институтта инженер (1989–91), ҚР ҰҒА-ның Механика және машинатану институтында аға (1992–97), жетекші (19972000) ғылыми қызметтер атқарды. 2000 жылдан Қазақ ұлттық техникалық университетінде профессор, кафедра меңгерушісі. «Модульный синтез и анализ плоских рычажных механизмов и манипуляционных устройств со многими степенями свободы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 30-дан астам ғылыми жарияланымның, 3 монографияның авторы. <ref>Қазақстан ұлттық энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references />

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub