Саяси қуғын - сүргін құрбандарының ескерткіші

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Саяси қуғын-сүргін құрбандарының ескерткіші – 1932 – 52 жылдары кеңес өкіметі тарапынан жасалған саяси қуғын-сүргінге ұшырап, құрбан болғандарға арналып Тараз қаласында қойылған ескерткіш. Жамбыл облысында 5 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырап, оның 845 адамы қаза тапқан. Осыған орай 2000 жылы 31 мамырда саяси-қуғын сүргін құрбандарына арналып ескерткіш қойылды. Ескерткіштің мүсіншілері – Д.Әлдеков, Н.Рүстемов, архитекторлары – Н.Баскеев, Д.Медеттегі. Ескерткіш биіктігі 1 м болатын дөңестің үстіне қойылған. Ескерткіш абақтыны бейнелейтін қабырғадан, қайғырған ана мүсінінен (биіктігі 2,4 м) тұрады. Қабырғада «Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған» деген жазу бар.

Сілтеме

Тараз энциклопедиясы

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Саяси қуғын - сүргін құрбандарының ескерткіші|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}