Саяси шешім

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Саяси шешім - саясат саласында нақты нәтижеге қол жеткізу мақсатында саяси іс-қимылдарды жүзеге асыруға бағытталған қаулы. Саяси іс-әрекет субъектісімен қабылданады. Саяси шешім ғылыми негізделуі, уақыт талабына сай болуы керек.

Саяси шешім үрдіс ретінде бірнеше кезеңдерді басынан кешіреді: дайындық, дайындау, қабылданған шешімді таңдау және жүзеге асыру, қол жеткізген нәтижелерге талдау жасау.

Дайындық кезеңінде саяси шешімді қабылдауға қажет уақыт, ресурс анықталады. Саяси шешімді дайындау кезеңінде мәселені талдауға көп көңіл бөлінеді. Мәселенің өзектілігі, шығу себептері, оның салдары, т.б.

Саяси шешімді таңдау кезеңі ақпаратты өңдеуге, оны таңдауды негіздеуге пайдаланылады. Жүзеге асыру кезеңі саяси шешімді жүзеге асыру іс-қимылдарынан, оны түсіндіру мен кедергілерден арылудан тұрады. Қол жеткізген нәтижелерді талдау, бағалау соңғы кезең болып табылады. Саяси шешімді қабылдаудағы бұл сатылық оның тиімділігін арттырады.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Саяси шешім|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}