Саяси шешендік

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Саяси шешендік - [грек. Rhetorike] - саяси элита немесе саяси институттар субъектілерінің саяси қарым-қатынас үрдісінде өздерінің тыңдаушыларын нақты идеологиялық қағидалардың қажеттілігі мен ақиқаттылығына сендіру өнері. Саясаткердің ерекше сөйлеу мәдениетінің сипаты. Риторика мәдениет элементі ретінде антика дәуірінде пайда болған, ол саяси қатынаста сендіру мақсатында қолданылған. Көне Грекияда танымал шешендер танымал саясаткерлер болған. Шешендік саясаттың міндетті бөлігі болып есептелген. Саяси шешендік теріс, жағымсыз мағынада саясат объектілерін шындыққа сай емес жағдайларға сендіруге тырысу. Жағымсыз мағынасындағы саяси шешендік пен саяси популизм ұқсас.

Саяси шешендік идеологиялық шешендікпен тығыз байланысты, яғни қандай да бір идеялық-саяси көзқарастар жүйесіне сай келетін сөйлеу штамптары, қалыптасқып қалған сөз тіркестері. Бұл жерде жалпы сөйлеу емес, нақты фразеологияны игеру.

Саяси шешендік саясаткерлердің бұқара халыққа және бәсекелестерге ықпал ету құралы ретіндегі ғылым және өнер, оған арнайы кәсіби дайындық қажет. Оның өзіндік лексикалық, семантикалық, коммуникативтік, психологиялық және мәдени сипаттағы заңдары бар.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Саяси шешендік|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}