Саяси ойын

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Саяси ойын - нақты әлеуметтік-мәдени шеңбердегі саяси тәжірибені игеруге және қайта орнына келтіруге бағытталған шартты саяси жағдайдағы қызмет түрі. Саяси ойында саяси өмір сүрудің ережелері қалпына кетіріледі, ал ойынға қатысушыларға саяси шындықты түсінуге және оған икемделуге, интеллектуалдық, эмоциялық және имандылық тұрғысынан дамуға мүмкіндік береді. Екінші жағынан, саяси ойын саяси субъектінің өзін-өзі табу түрі. Саяси ойын нақты жағдайды немесе мәнді келтіру, не жарыс ретінде өтеді.

Саяси ойын құрылымы:

-ойынға қатысушылардың өздеріне алған рөлі;
-осы рөлді жүзеге асыру құралдары ретінде ойындық іс-әрекеттер;
-символдарды қолдану;
-ойынға қатысушылар арасындағы қатынас.

Саяси ойынның барлық аспектілерін біріктіретін саяси рөл болып табылады. Саяси ойын арқылы адамның саяси әлеуметтенуі жүзеге асады.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Саяси ойын|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}