Саяси менеджер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Саяси менеджер - саяси кампания жетекшісі, оның негізгі мақсаты - саясаткерге, мемлекеттік басшылыққа немесе басқа мүдделік топтарға саяси кампанияны ұйымдастырып, өткізуге көмектесу.

Саяси менеджер рөлінде танымал адам немесе саясаткер болуы мүмкін.

Бірақ саяси кампания уақытында саяси менеджер саяси рөл атқаруға ұмтылмауы тиіс. Сайлау және имиджді қалыптастыру кампанияларында саяси менеджер саясаткер көлеңкесінде болады әрі ешқандай саяси мәлімдемелер жасамауы керек.

Саяси менеджердің басты мақсаты - саяси кампания мақсаттарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету. Саяси менеджердің функциялары:

  • саяси кампанияны басқаруды жүзеге асыратын команданы құру;
  • команданың саяси мақсатқа қол жеткізетін барлық міндеттерді орындауын қамтамасыз ету;
  • команданың барлық бөліктерінің әрекеттерін үйлестіруді қамтамасыз ету;
  • команданың жұмыс жасауына шығармашылық атмосфера қалыптастыру;
  • команда ішінде дау-жанжалдың алдын алу және пікірлестер ұжымы ретінде оның жұмысын қамтамасыз ету.

Саяси кампания сәтті болу үшін қажетті алғышарттар:

  • саяси менеджер саясаткер сеніміне ие болуы керек;
  • саяси менеджер саясаткермен тиімді ынтымақтастықта жұмыс жасауы тиіс;
  • саясаткермен саяси менеджер қарым-қатынасы іскерлік қатынастар шеңберінен шықпауы тиіс.

<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Саяси менеджер|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}