Саяси идеализм

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Саяси идеализм - XX ғ. 20-30 жж әлемдік саясаттың сипаты мен табиғатын түсіндірудегі реалистерге қарсы қалыптасқан бағыт, әлемдік саясатты құқықтық және этика ұғымдарының көмегімен қарастыра отырып, олар әлемдік қатынастардың нормативтік үлгісін құруға бағытталған. Бүл бағыт өкілдері: Д.Перкинс, В.Дин, У.Липпман, Т.Кук, Т.Мюррей, т.б. Олардың сенімдерінің негізінде мемлекетаралық қатынастардың маңызды реттеушісі ретінде күштік және әскери құралдардан бас тарту жатыр. Халықаралық құқық институттары мен жүйесіне басымдық беріледі. Мемлекетаралық қатынастарды реттеу тетігі ретінде күштер тепе-теңдігінің орнына ұжымдық қауіпсіздік тетігін ұсынды. Бүл идея барлық мемлекеттердің ортақ мақсаты - бейбітшілік пен қауіпсіздік деген ұстанымға негізделген. Себебі, күштер тепе-теңдігіндегі күштердің түрақсыздығы мен соғыстар мемлекеттерге көптеген зиян келтіріп, ресурстарды жөн-жосықсыз шығындауға алып келеді.

Әлемдік саяси қатынастарды реттеу тетіктері ретінде келесі шараларды ұсынады: ашық бейбіт келіссөздерді жүргізу; бейбіт және соғыс уақытында да еркін саудаға кепілдікті қамтамасыз ету; ұлттық қарулануды ең төменгі деңгейге дейін қысқарту; еркін және мемлекет егемендігі ұстанымы негізінде барлык дау-жанжалдарды халықаралық ұйымдармен шешу. <ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Саяси идеализм|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}