Саяси диалог

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Саяси диалог - [грек, dialogos - әңгіме, әңгімелесу] - саяси қызметтің бағдарламасы мен тетіктерін қалыптастыруға, келісімге қол жеткізуге мүмкіндік беретін субъектілердің саяси ойлау стилі, баға беру, көзқарасын білдіру тәсілі. Саяси диалог демократиялық саяси жүйенің даму шарты, себебі бүл қоғамның көппартиялық жүйелігін білдіреді.

Саяси диалогтың келесі түрлері бар:

  1. пікір-талас - кез келген саяси мәселелер бойынша қарама-қарсы пікірлер күресі;
  2. дискуссия - саяси мәселелер бойынша ой бөлісу, соның барысында оны шешудің тиімді құралдарын іздеу.

Саяси диалогтың мақсаты

Саяси диалогтың мақсаты - оппонент ұстанымын анықтау, саяси келісім, бітімге келудің негізін қалау. Саяси диалог құрылымына келесі элементтер кіреді:

а) пропонент - саяси мәселені шешу жолын ұсынушы субъект;
ә) оппонент - ауызша немесе жазбаша түрде берілген пропонент ұстанымын сынға алушы;
б) аудитория - саяси диалог солар үшін және солардың арасында жүретін топ субъектілері.

Саяси диалог принциптері

Саяси диалог принциптері:

ғылымилық,
партиялық,
теория мен тәжірибенің бірлігі,
саяси диалогқа қатысушылардың өзара сыйластығы мен теңдігі.

<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Саяси диалог|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}