Сауытты аңдар
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Сурет:Glomeris marginata 1.jpg
Glomeris marginata
Сауытты аңдар –– екі отрядтың екіжұпаяқты көпаяқтылары (Sphaerotheriida және Glomerida). Ұзындығы 0,3-10 см. 500 түр. Антарктида және Оңтүстік Америкадан басқа барлық континентерде таралған. ТМД-да 25 түр, әсіресе оңтүстікте кездеседі. Қауіп-қатер туғанда сауытты аңдар дөңгеленіп қорғау бездерінің жағымсыз иісті сұйық затын шашыратады. Тропикалы сауытты аңдар көпшілігі ағаштарда мекендейді, еркектері ұрғашыларын стридуляциялық аппаратымен ерекше дыбыс шығарып көңілін өзіне аударады. Гемианоморфозды типпен дамиды. Топырақ қалыптастырғыштар.<ref name="name">Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3</ref>
Дереккөздер
<references/>