Сауменқұм

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Сауменқұм, СәменқұмБетпақдаланың солтүстік-батысындағы Сарысу маңы құмды массивінің бір бөлігі. Жетіқоңыр, Қарақойын, Мойынқұм құмдары аралығында солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатыр. Ауданы 300 км². Төбешікті - қырқалы құм биіктігі 15 – 20 м. Шет аймақтарында аласарып, жазыққа ұласады. Осы тұста тұщы грунт суы жер бетіне жақын (1 – 2 м) орналасқан. Жусанды, бұталы шөл өсімдігі өседі. Жыл бойы жайылым ретінде пайдаланылады.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала