Сауда басқару органдары. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Сауда комитеті (2002-2004)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы Жарлығына<ref>"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы № 931 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2002, №28, 307-бап). </ref> сәйкес ҚР Үкіметінің 2002 ж. 12 қыркүйектегі қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2002 ж. 12 қыркүйектегі № 996 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 30, 330-бап). </ref> комитет құрылды. ҚР Үкіметінің 2002 ж. 18 қарашадағы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері" ҚР Үкіметінің 2002 ж. 18 қарашадағы № 1220 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 41, 414-бап). </ref> комитет туралы ереже және оның құрылымы бекітілді. Ережеге сәйкес комитет ’’’ҚР Индустрия және сауда министрлігінің’’’ құзіреті шегінде заңнамаға сәйкес сауда қызметін реттеу және демпинге қарсы, қорғау және өтемақы шараларын қолдану саласында арнайы атқару және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын ведомство болып табылды. Комитеттің негізгі міндеттері мыналар болды: сауда саласында мемлекеттік саясатты әзірлеу мен іске асыруға қатысу; сауда қызметін дамыту саласындағы басымдықтарды әзірлеу; сауда қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асыру; тауарлар импорты кезінде ішкі рыокты қорғау жөнінде кешенді шаралар жүргізу; сауда қызметінің мониторингін жүзеге асыру; сауда қызметі саласында әдістемелік материалдар әзірлеу; сауда теңгерімі мен экспорт пен импорт құрылымын жақсарту жөнінде үсыныстар дайындауға қатысу; сауда қызметін демпинге қарсы ретгеуге жалпы басшылық ету; шетел мемлекеті (шетел мемлекеттері одағы) субсидиялаған тауарлардың импорты кезінде бақылау мен анықтауды жүргізу және өтемақы шараларын енгізу; айтарлықтай залал келтіру фактілері бойынша жеткізушілердің сауда практикасына мемлекеттік реттеуді және бақылауды жүзеге асыру; тарифтік және тарифтік емес реттеу әдістерімен сыртқы сауда қызметін реттеуге қатысу. Комитеттің Құрылымы мынадай болды: басшылық; сауда және өндірістік қызмет мониторингі басқармасы; ішкі сауда басқармасы. ҚР Үкіметінің 2004 ж. 26 қарашадағы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері" ҚР Үкіметінің 2004 ж. 26 қарашадағы № 1237 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 47, 586-бап). </ref> Сауда комитеті ‘’’ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Сауда және туристік қызметті реттеу жөніндегі комитеті’’’ болып қайта құрылды.<ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық:

Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель;
Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007.  ISBN 9965-602-37-9</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}