Сатыбалды Жәлелұлы Нарымбетов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тұлға Сатыбалды Жәұлы Нарымбетов (7 наурыз 1946 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданы, Ащысай ауылында туған) — қазақстандық кинорежиссер, жазушы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қазақ КСРнің Мемлекеттік сыйлығының және «Платинды Тарлан» сыйлығының иегері.

Өмірбаяны

  • Мәскеу қаласындағы мемлекеттік кинематография институтын (1969 жылы) бітірген.
  • 1984 жылы жоғары режиссерлік курсты (Г.Н. Данелияның шеберханасы бойынша) бітірген.
  • 1969 жылдан “Қазақфильм” студиясында сценарийші әрі кинорежиссер ретінде қызмет етті.
  • 1970 жылдан - «Қазақфильм» киностудиясының кинорежиссері.
  • 2005 жылдан бері - Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «Дебют» бірлестігінің жетекшісі.

Қоғамдық қызметі

  • Жан Виго атындағы Халықаралық кпубтың мүшесі (Париж қаласы).
  • КСРО Жазушылар одағының мүшесі.
  • ҚР Жазушылар одағының мүшесі.

Сценарийлері

  • балаларға арналған “Шоқ пен Шер” фильмінің сценарийін (1971 жылы) жазды.

Режисерлігі

  • “Құрманғазы” атты деректі фильмін (1972 жылы)
  • “Зауал” (1981 жылы)
  • “Күзгі бұралаң жол” (1984 жылы) қысқа метражды фильмі
  • “Ұрын келген күйеу” (1987 жылы)
  • “Созақтан шыққан Гамлет” (1990 жылы)
  • “Көзімнің қарасы”
  • “Жас аккордеоншының өмірбаяны” (1994 жылы, Анапа қаласында өткен 3-Бүкілресейлік “Кино-Шок” кинофестивалінің жүлдесі, Халықаралық кинофестивалі жюриінің дипломы, Франция, Анже (1995 жылы); Француз кино өнері академиясының сыйлығын (1996 жылы), тағы басқа)
  • Омпа” (1998 жылы)
  • тағы басқа көркем фильмдерді қойды.

Кітаптары

  • “Тентек” (1968 жылы)
  • “Ассалаумағалейкум, Атлантида!” (1981 жылы) атты повесть, әңгімелер жинақтары жарық көрген.

Марапаттары

  • Анапа қаласында өткен 3ші Бүкілресейлік «Кино-Шок» кинофистивальінің жүлдегері;
  • 1995 жылы Францияның Анже қаласында өткен Халықаралық кинофистивальінің қазылар алақасының құрметті грамотасының иегері;
  • Фрацуз кино өнері академиясының «Жорж Сэдуль» атындағы құрметті сыйлығының иегері;
  • 1996 жылы Қазақ КСРнің Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;
  • 1996 жылы президент жарлығымен жоғарғы мемлекеттік марапат «Құрмет ордені» берілді.
  • 2000 жылы Тәуелсіз «Платинды Тарлан» сыйлығының иегері.
  • 2005 жылы президент жарлығымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағымен марапатталды.
  • 2011 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі;
  • 2016 жылы «Қазақстан тәуелсіздігініе 25 жыл» медалі;

Отбасы

  • Жұбайы - Ізмағанбетова Ізтөле, марқұм, драматург, Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы анимациялық фильмдер бірлестігінің жетекшісі болған.
  • Ұлдары - Нарымбетов Асқар-Мұхит (1968 жылы туған), кинорежиссер; Нарымбетов Ескендір (1977 жылы туған), кинооператор.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті