Сатыбалды Дауымов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сатыбалды Дауымов (15 қаңтар 1935 жылы туған, Бөкей ордасы ауданы) — ақын, журналист, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі (1990), Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері.

Өмірбаяны

  • 1953 ж. Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы Азғыр орта мектебін бітірген.
  • 1959 ж. ҚазМУ-дің филология факультетін бітірді.
  • 1959-95 ж. Қазақстанның ауыл шаруашылығы журналында тілші, бөлім меңгерушісі
  • Еңбек таңы журналында бас редактор.

Шығармашылығы

  • Жалын ғұмыр (А., 1990) атты өлең жинағы
  • «Тауқыметті тағдыр» (А., 2000) атты деректі-эссе кітабы шықты.
  • Бөкей ордасының тарихы, танымал тұлғалары туралы көптеген танымдық мақалалар мен очерктердің авторы.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>
  • Алғашқы өлеңдер топтамасы "Жайық жырлары" деген тақырыппен 1955 ж. Батыс Қазақстан облысы "Екпінді құрылыс" газетінде жарияланған.
  • "Сатыбалды" (өлеңдер мен поэмалар)
  • "Сонау бір тұрған Нарында" кітаптары жарық көрген.
  • "Ғасыр, саған айтам"
  • "Елестер мен белестер"
  • "Аспан асты, жер үсті" поэмалары, зерттеу мақалалары, очерктері әр түрлі мерзімдік ба­сылым беттерінде жарияланды.

Марапаттары

  • Қазақстан Жоғары Кеңесінің Құрмет грамоталарымен
  • медальдармен марапатталған.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}