Сатыбалдиев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сатыбалдиев Ерлан Әбенұлы (13.6.1953 жылы туған, Алматы) –баспагер. Мәскеудегі М.Горький атындағы институтты бітірген (1975). Еңбек жолын 1975 – 79 жылдары “Жазушы” баспасында редактор қызметінен бастады. 1979 – 90 жылдары “Жалын” баспасында редакция меңгерушісі, 1990 – 92 жылдары Кеңес-Югославия біріккен баспа және полиграфия ісі бойынша “Интербук” кәсіпорнының Алматыдағы бөлімшесінің директоры, 1993 – 95 жылдары “Интербук-Қазақстан” ЖШС-нің директоры болды. 1995 – 96 жылдары “Өнер” баспасының директоры, 1996 – 2001 жылдары республикалық “Қазақ теледидары және радио” корпорациясының президенті қызметін атқарды. 2001 жылдан “Мектеп” баспасының бас директоры. Сатыбалдиев Т.Нұрмағанбетовтың “Қош бол, ата”, О.Сәрсенбаевтың “Адамдар өз бақытын іздейді”, С.Нарымбетовтың “Атлантида – қайғы-мұңым менің”, Б.Соқпақбаевтың “Чемпион”, С.Елубаевтың “Асау аттың серті”. Қазақ халқының “Ер Тарғын” эпосын, С.Бердіқұловтың “Жарыс”, “Қазақ халық ертегілерін”, т.б. көптеген кітаптарды орыс тіліне аударды. Сатыбалдиевтің аударған “Ежелгі күнтізбе” және “Қазақтың киіз үйі” атты кітаптары Германияда басылып шықты. “Баспа және полиграфия ісінің қайраткері” (2003) құрмет белгісімен марапатталған. <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Сатыбалдиев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}