Сатанғұл Тәжиев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тәжиев Сатанғұл (1884, Адай уезі, Түпқараған болысы – 1960) – еңбек ардагері. Әкесі Тәжі (1821 – 1904) Фортқа жер ауып келген Т.Г. Шевченкомен дос болған. Қаладағы алғашқы бақты егуге, бақша жұмысына тартылған бағбан. Әкесінің осы кәсібін ұстанған Тәжиев төңкерістен кейін қалалық бақтың, Шевченко жер үйінің, бір кездері комендант А.И. Усковтың күтушісі, күзетшісі болды. 1930 ж. Шевченконың мемориалдық мұражайы ашылғанда соның алғашқы директоры болып тағайындалып, осы қызметінен зейнеткерлікке шыққанға дейін істеді (1950). Тәжиев атында Форт-Шевченкода көше бар, Т.Г. Шевченко мұражайында оған мемориалдық тақта қойылған.<ref>«Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002;</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub