Сары ұйғыр тілі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тілдер Батыс ұйғыр тілі (кейбір нұсқада: сары ұйғырлар тілі) - түркі тілдерінің солтүстік-Шығыс тобына жататын тіл. Қытайдың Ганьсу Сунань-Ұйғыр автономды уез, Синьцзян-Ұйғыр автономды аудандарында таралған. Онымен 4 мындай адам сөйлейді. Айкын диалектілік белгілері жок, тек таулык және далалык говорларында дыбыстык, лексикалык ерекшеліктер кездеседі. Қазіргі таңда жазуы жоқ болып есептеледі. Кей мәлімет бойынша қытай жазуы қолданылады<ref>Национальность югур</ref>.

Бұл тілде Қытайдағы Ганьсу провинциясындағы Минхуа ұлттық автономды уезде тұратын «сары ұйғырлар» сөйлейді. Сары ұйғырлар б.з. 9 ғ-да енисей қырғыздарынан жеңіліп, жер аударып бір бөлігі Шығыс Түркістанға (қазіргі Солтістік-Батыс Қытайдағы Синьцзян), қалғандары осы жерге келген. Фонетикасы мен лексикасы қытай тілінің, тибет тілінің әсерін қабылдаған. Сары ұйғыр тілі көне ұйғыр тіліне жакын деген болжам бар, оған сөз басында /-дің, шығыс септігінің-tin формасының, көне сан жүйесінін (11-ден 29-ға дейін) колданылуы, есімдіктің екі түрлі септелуі т. б. дәлел болады. 18 г. басына дейін сары үйғырлар көне ұйғыр әдеби тілін пай- далануы мүмкін, бірак Тибеттің әсерімен көне ұйғыр жазуы ұмы- тылған. Казір Сары ұйғыр тілі тұрмыстыкдеңгейде ғана колданылады.<ref>Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы, «Сөздік-Словарь», 2005. ISBN 9965-409-88-9</ref>. 19 ғ. соңында Г. Н. Потанин, С. Г. Э. Маннергейм, С. Е. Малова, Э. Р. Тенишев ғалымдармен зерттелген.

Бұл тілге ең жақын болып Пуйо қырғыз тілі болып есептеледі.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Түркі тілдері