Сары түйежоңышқа

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox

Сары түйежоңышқа (Үлгі:Lang-la) - бұршақ тұқымдасы түйежоңышқа туысына жататын, биіктігі 1 м-ге дейін жететін, екі жылдық, шөп тектес өсімдік.

Ботаникалық сипаты

  • Өсімдіктің биіктігі 30 – 90 см
  • Өсімдік сабағыың түп жағы жуандау, ал жоғары жағы бұтақты және қырлы болып келеді. <ref>Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. Іскендіров Әбіш. Алматы "Қазақстан" 1982, 188 бет.</ref> <ref>Пайдалы өсімдіктерді мал дәрігерлігінде қолдану. - Алматы: Қайнар, 1988. - 248б.</ref>
  • Тамыры ақ, сабағының түп жағы жұмыр, жоғарғы жағы қырлы және бұтақты болып келеді.Өсімдіктің ақ түсті тамыры топыраққа тік еніп жатады.
  • Жапырақтары қияқ тәрізді кезектесіп орналасқан, үш бөлімді, ара тісті, сағақтары ұзын. Қосымша жапырақшалары бар.
  • Гүлдері сары, сабақтың ұш жағында жіңішке шашақ тәрізденіп шоғырланып тұрады. Гүлдерінің әдемі иісі бар.
  • Улы өсімдіктер қатарына жатады. Мамыр-тамыз айларында гүлдейді.

Өсетін жері

Далалы аймақтардағы шалғынды жерлерде, өзендердің жағаларында, тың жерлерде, бұталардың арасында, жол бойында өседі. Республикамыздың Шымкент, Жамбыл, Орал, Ақтөбе облыстарының жерлерінде жиі кездеседі.<ref>Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. Іскендіров Әбіш. Алматы "Қазақстан" 1982, 188 бет.</ref> <ref>Пайдалы өсімдіктерді мал дәрігерлігінде қолдану. - Алматы: Қайнар, 1988. - 248б.</ref>

Құрамы, емдік қасиеті және қолданысы

Құрамында кумарин, меллиотин, глокозидтер, белок, эфир майлары С дәрумені бар.Кумарин қанның ұюын кешеуілдетеді.Құрамындағы кураминге байланысты бұл өсімдік улы болып саналады. Курамин орталық нерв жүйесінің қызметін тежейді,сондай – ақ наркотиктер сияқты әсер етеді.<ref>Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. Іскендіров Әбіш. Алматы "Қазақстан" 1982, 188 бет.</ref> <ref>Пайдалы өсімдіктерді мал дәрігерлігінде қолдану. - Алматы: Қайнар, 1988. - 248б.</ref>
Дәрілік мақсат үшін өсімдіктің жоғарғы жағын гүлдеген кезінде жапырақтарымен, сабағының жіңішкелеу бөліктерімен қоса жинап алады. Оны кептіріп, жақсы жабылған шыны немесе темір ыдыстарда сақтайды.
Халық арасында сары түйежоңышқа қақырық түсіретін, жел айдайтын дәрі ретінде және бронхтар қабынғанда, іш желдегенде, ұйқы қашқанда қолданылады.<ref>Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. Іскендіров Әбіш. Алматы "Қазақстан" 1982, 188 бет.</ref> Ішектің қатты түйілуін басу үшін, сондай – ақ іш кепкенде, қуықтан несеп жүрмей қалғанда қолданылады. <ref>Пайдалы өсімдіктерді мал дәрігерлігінде қолдану. - Алматы: Қайнар, 1988. - 248б.</ref>

Мал дәрігерлігінде қолданысы

Дәрілік шөптің тұнбасы мен қайнатпасының қақырық түсіретін, ауырсынуды басатын, жараны тез жазатын қасиеті бар. Нормадан көп берілсе малды улайды. Уланған мал дірілдеп, қалтырайды, мазасы кетеді, жеген азығын құсып, аузынан шұбыртып сілекей ағады. Дербес шаруашылығында малы бар кісілер, сондай – ақ ферма малшылары бұл өсімдікті мал дәрігерінің рұқсатымен ғана қолданулары тиіс. Салмағы 50 – 60 кг бұзауға өсімдіктің 2 грамы ғана беріледі. Дәрілік тұнба жасау үшін қайнаған 200 г суға жапырағы мен гүлінің 2 грамы салынып тұндырылады. <ref>Пайдалы өсімдіктерді мал дәрігерлігінде қолдану. - Алматы: Қайнар, 1988. - 248б.</ref>

Дәрілік шикізат

Дәрілік шикізат ретінде сары түйежоңышқа сабағының жіңішкелеу бөлігін жапырықтарымен, гүлімен қосып жинап алады. Оны көлеңке жерлерде кептіріп, аузы жақсы жабылатын шыны ыдыстарға салып сақтайды.<ref>Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. Іскендіров Әбіш. Алматы "Қазақстан" 1982, 188 бет.</ref> <ref>Пайдалы өсімдіктерді мал дәрігерлігінде қолдану. - Алматы: Қайнар, 1988. - 248б.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:ДереккөздерҮлгі:Дереккөздер Үлгі:Кітап