Сарықамыс қазаншұңқыры

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Сарықамыс қазаншұңқырыАзиядағы ең үлкен тұйық ойпаттардың бірі. Өзбекстан мен Түрікменстан елдерінің аумағында, Арал т-нен оңт.-батысқа қарай 200 км қашықтықта жатыр. Ұзындығы 150 км шамасында, енді жері 90 км, түбінің таяз жері теңіз деңгейінен 45 м төмен. Ойыс пішіні сопақша келген. Оның бетін ертедегі көл шөгіндісі мен сор және үрме құм жапқан. Неогеннің аяғы және жоғ. төрттік дәуірінде пайда болды. Сарықамыс қазаншұңқырына Әмудария өз. құйғанда, көлге айналып, өзен қайтадан Арал т-не құйғанда, көл қазаншұқыры құрғап қалады. Әмударияның суы соңғы рет Сарықамыс қазаншұңқырына 1878 жылдың жазында құйды. Қазір Сарықамыс қазаншұңқыры екі ойысқа бөлінген, бұларда көктемде қар суы жиналып, жазда олар құрғап, сорға айналады. <ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 том</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub