Сарыуыз қапшығы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Сарыуыз қапшығы (желточный мешок) — іштегі ұрықтың дамуы кезінде маңызды қызмет атқаратын, ұрықтантыс уақытша мүше.

Сарыуыз қапшығы — ұрықтантыс энтодерма мен мезодермадан дамиды. Дамудың алғашқы кезеңінде сарыуыз қапшығы ұрықтың тыныс алуы мен қоректенуін қамтамасыз етеді. Сарыуыз қапшығының қабырғасында ұрық организміндегі алғашқы қантүзілу процесі қалыптасып, ол қантүзу мүшесінің қызметін атқарады. Ұрық организміндегі алғашқы жыныс жасушалары — гонобласттардың дамуы да сарыуыз қапшығы қабырғасында жүреді. Сарыуыз қапшығы — қүстарда, бауырымен жорғалаушыларда, жұмыртқа салатын сүтқоректілерде жақсы жетілген.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub