Сарын

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сарынән жанрының речитативті саласының бір түрі. Поэзиялық және музыкалық әуен бірлестігінен туған халық шығармашылығы. Сарын жыраулардың философиялық толғауларында (Қорқыт пен Асан Қайғы сарындары) кеңінен қолданылған. Сарын күй Сарыны, бақсы Сарыны, терме-толғау Сарыны болып бірнеше түрге бөлінеді. Бақсы Сарынында бақсы қобызда ойнап, неше түрлі адам таңғаларлық іс-қимылдар жасап, ерекше сарынына басып, ауруды емдеуге әрекеттенген. Халық арасында байырғы ән-әуен түрлері де Сарын аталады.<ref>Қазақ Энциклопедиясы, 7 том</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Қазақстанның солтүстік шығыс облыстарында «сарын» сөзі бақсы сарыны және тұрмыс-салт әндері терминдеріменен бірігіп, қоса қолданылады. Мысалы, «Жар-жар» сарыны, «Беташар» сарыны, «Қыз сыңсу» сарыны т.б.<ref>Қазақ музыкасы, Алматы 2005 жыл, 445 бет</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}