Сарымолдаев Қабылбек

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сарымолдаев Қабылбек (20.2.1898, қазіргі Жамбыл облысы Меркі ауданы Ойтал а. — 25.2.1938, Алматы) — мемлекет қайраткері. Әулиеатаның 4 сыныпты қалалық уч-щесін бітірген (1914). 1917 ж. “Бұқара” аталған қазақ жастарының төңкерісшіл ұйымының мүшесі. 1917 — 21 ж. Әулиеата уездік әскери ревкомы мүшесі, атқару к-тінің төрағасы, Сырдария обкомының үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі, Қазақ АКСР-і ішкі істер халкомының орынбасары, 1922 — 25 ж. Жетісу облревкомының төрағасы, Сырдария халкомының төрағасы, Түркістан АКСРХКК төрағасының орынбасары, Хорезм Республикасының Жұмысшы-шаруа инспекциясының халық комиссары, Қазақстанның Өзбекстандағы өкілетті өкілі, 1925 — 28 ж. Қазақ АКСРсу ш. басқармасының бастығы, Қазақ АКСР-і халық ш. Орт. Кеңесінің төрағасы, 1928 — 33 ж. Қазақ АКСР-і Мемл. жоспарлау комиссиясы төрағасының 1-орынбасары, егін ш. халық комиссары, 1933 — 36 ж. Шығыс Қазақстан облысы атқару к-тінің төрағасы, Торғай ауданы атқару к-тінің төрағасы, КСРО Тамақ өнеркәсіп халкомының төрағасы, халкомның Қазақстандағы уәкілі, 1936 — 37 ж. Қазақ КСРТамақ өнеркәсібі халкомының орынбасары қызметтерін атқарды. Сарымолдаев Әулиеатада жүрген кезінен бастап Т.Рысқұловтың пікірлесі болды. Сондықтан “рысқұловшылардың” көрнекті өкілі ретінде партия, саяси мекемелер тарапынан үнемі бақылауда ұсталды. Саяси қуғын-сүргін құрбаны. 1958 ж. 27 наурызда ақталды. Жамбыл облысы Мерке ауданының бір ауылына Сарымолдаев есімі берілген. Тараз қ-нда оның атында мектеп, көше бар. <ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 том</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Сарымолдаев Қабылбек|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}