Сарыесік
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Сарыесік — Балқаш көлінің оңт. жағалауының орт. бөлігіндегі түбек. Түбек көл айдынының батыс жағындағы тұщы бөлігін шығыстағы тұзды бөліктен бөліп тұрады. Солт-ке қарай бағытталған түбектің ұзындығы 30 км, ені 7 км. Сарыесік пен Балқаштың солт. жағалауы аралығында, ені 4 км-дей Ұзынарал бұғазы бар. Түбектің саздауыт, жазық жағы орт. бөлігінде дөңестеніп, көл суының деңгейінен 3 м-ге дейін биіктейді. Кей жерлерін су басуына байланысты шағын жеке аралдар пайда болған. <ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 том</ref>
Сілтемелер
Дереккөздер
<references/>