Сарыбөрік
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Сарыбөрік - Жетісу (Жоңғар) Алатауының солтүстік жоталары тобына жататын асу. Көкжота тауынан оңтүстік-батысқа қарай, Қызылтентек және Шақырты өзенінің шатқалдары айырығында,
Географиялық орны
Қытай мен Қазақстан арасындағы шекарада орналасқан.
Жер бедері
Биіктігі 4107 м. Асудың солтүстік жағы мен беткейлері өте тік. Өзендері ірілі-ұсақты сарқырамаларға бай. Жылдық жауын-шашын мөлшері 800-1000 мм.
Топырағы, өсімдігі
Топырағы таулық-шалғындық. Шатқалдарында шырша, самырсын, ақ терек, көктерек аралас орман өседі. Жануарлар дүниесінде таулық ортаазиялық эндемиктер басым. Арқар, тауешкі, барыс, ұлар, гималай тазқарасы, т.б. кездеседі. Туристік мәні зор. Жазда жайлау ретінде пайдаланылады.