Сарыбел

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сарыбел - Жетісу (Жоңғар) Алатауының оңтүстік жоталар тобына кіретін жайлау.

Географиялық орны

Алматы облысы Панфилов ауданы жерінде, Тышқантау, Шақпақтастау және Алмалы тауларының оңтүстік-батыс етегінде, Тышқан өзенінің бойында, теңіз деңгейінен 1367 м биіктікте орналасқан. Оңтүстікке қарай аласара түсетін сатылы тауалды аңғары 1736 м-ден 1367 м-ге дейін төмендейді.

Геологиялық құрылымы

Палеозой дәуірінің герцин тау жасалу кезеңінде пайда болған. Беті саздақтан, шақпақтастардан, құмнан тұратын төрттік шөгінділермен көмкерілген. Жайлауды солтүстіктен оңтүстікке қарай бірнеше өзен кесіп өтеді.

Климаты

Климаты қоңыржай белдеудің тұран континенталдық аймағына жатады. Қаңтардың орташа температурасы –12 -16°С, шілдеде 20 - 24°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 500 - 700 мм.

Өсімдігі

Жайлаудың өсімдік жамылғысын негізінен альпілік шалғындар мен жемісті бұталар құрайды. <ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref> <ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер