Сарыбас жыландартәрізділер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox

Сурет:E quatuorlineata.jpg
(Elaphe quatuorlineata) —Colubrinae
Сурет:Natrix tessellata Rheinland-Pfalz 02.jpg
(Natrix tessellata) — Natricinae

Сарыбас жыландартәрізділер (Үлгі:Lang-la) — Бауырымен жорғалаушылар қабыршақтылар отрядыңын жыландар сабының тұқымдасы.


Тұқымдасқа жыландардың 1000-ға жуық түрі жатады. Бұлардың ішінде залалсыздары да, өте улы түрлері де болады. Бұл тұқымдастың сұр жыландардан ерекшелігі улы тістері және оның каналы болмайды, улы тісінің алдыңғы жақ бетіндегі сайшалар арқылы құйылады. Көбірек тараған түріне кәдімгі сарыбас жылан жатады. Түсі қоңыр, тіпті қара деуге де болады. Самайының арт жағына симметриалы орналасқан екі сарғылт жолағы болады. Сондықтан да бұларды кәдімгі сарыбас жылан деп атаған. Кейбір түрлерінде сары жолақ болмайды. Батпақтың, өзеннің және тоспанын, жағасын мекен етеді. Бақалармен, кесірткелермен, кемірушілермен, аздап та болса насекомдармен, өте сирек балықтармен қоректенеді. Жұмыртқа салып көбейеді. Жұмыртқаларын шірінділердің арасына салады. Біздің елдің оңтүстігінде су сарбас жыланы мекендейді. Кәдімгі сарбас жыланнан айырмашылығы түсі ашық сүр, қара дақты болады. Көбінесе суда тіршілік етеді. Балықтармен қоректенеді.<ref>«Омыртқалылар зоологиясы» С. П. Наумов- Алматы «Мектеп» баспасы</ref>

Тағы қараңыз

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер