Сарказм

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Сарказм (Үлгі:Lang-el — ащы мысқыл, жанға батыру) — күлкі етудің бір түрі, зілді кекесінмен әжуалау. Құрылымы жағынан иронияның ұлғайған түрі. Иронияда зілсіз, көбіне іштарта әжуалау басым болса, Сарказмда ол шарықтау шегіне жетіп, батыл, ашық әшкерелеуге көшеді. Сарказм көне грек әдебиетінен бүгінге дейінгі сатиралық шығармалардың көпшілігінде кездеседі, әсіресе ауыз әдебиетінде молынан ұшырасады. Қожанасыр туралы әңгімелер иронияға негізделсе, Алдар Көсе жайындағы әңгімелер ащы мысқылға, уытты кекесінге құрылған. Ақындар айтыста қарсыласын ащы мысқылмен кекетіп, келемеждеу, жігерін жасыту мақсатында Сарказмды қолданған. Махамбеттің, Шернияздың өлеңдеріндегі өткір де уытты кекесіннен, ашықтан-ашық шенеп-мінеуден Сарказм айқын көрінеді. Абай өлеңдерінде ирониядан гөрі Сарказм басым көрінеді. <ref>Қазақ Энциклопедиясы, 7 том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Stub Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала