Саржан Бектемірұлы Жақсыбеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Саржан Бектемірұлы Жақсыбеков - 1951 жылы 18 қарашада Қарағанды қаласында туған. Қазақ. Әкесі - Жақсыбеков Бектемір. Анасы - Жақсыбекова Қадибан. Қарағанды педагогикалық институтының дене тәрбиесі факультетін бітірген (1980), дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Қазақ жәнө орыс тілдерін біледі.

  • 1980 жылдан - Қарағанды қаласындағы БЖСМ Спорт басқармасының жаттықтырушысы.
  • 1990 жылдан - еркін күрестен олимпиадалық резервтегі Қарағанды жоғары мектебінің аға жаттықтырушысы.
  • 1998 жылдан - Қарағанды жоғары спорт шеберлігі мектебінің еркін күрес бойынша аға жаттықтырушысы.
  • 2005 жылдан - ҚР ШҰКД ҚР еркін күрес бойынша әйелдер жастар құрамасының аға жаттықтырушысы (Астана қ.).
  • 2006 жылдан бері - ҚР әйелдер қүрамасының еркін күрес бойынша бас жаттықтырушысы. «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған (2008). ҚР еркін күрес бойынша Еңбек сіңірген жаттықтырушысы (2006). ҚР Үздік жыл жаттықтырушысы (2007).

Үйленген. Жұбайы - Жақсыбекова Айнаш (1958 ж. т.). Қыздары - Жақсыбекова Гүлнәр (1972 ж. т.)( Жақсыбекова Марал (1976 ж. т.), Жақсыбекова Динара (1977 ж. т.); ұлы - Жақсыбеков Нуан (1982 ж. т.).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub