Сарбас тәрізді қыдық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox

Сарбас тәрізді қыдық<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref> (Үлгі:Lang-la) – орамжапырақтар тұқымдасы, қыдық туысына жататын бір, екі жылдық өсімдік.

Ботаникалық сипаты

  • Биіктігі 20-50 см.
  • Сабағы тік, қатты бұтақталған, мақта тәрізді үлпілдек түк басқан.
  • Жапырақтары қос қауырсынды, төменгі және ортаңғы жапырақтарының ұзындығы 4-4,5 см, ұзын сағақты. Төбе жапырағының ұзындығы 1 см-ге дейін қысқа сағақты. 3-4-тен және төбе жапырақтары 1-2-ден жұп болып топтасқан, бөліктері ұзынша жұмыртқа тәрізді.
  • Гүлшоғыры - қысқа, қалқан тәрізді, көп гүлді. Сарғыш түсті тостағанша жапырақшаларының ұзындығы 2-2,5 мм. Күлтесі ақ, ұзындығы 3-3,5 мм, ені 1-1,5 мм. Бұршаққынының ұзындығы 5-7 мм, ені 1-2 мм, қандауыр немесе эллипс тәрізді. Маусым айында гүлдейді.

Өсетін орны мен таралу аймағы

Қазақстанда Қызылорда облысында, Балқаш-Алакөл алабында, Түркістан өңірінде, Жетісу (Жоңғар), Теріскей және Іле Алатауларында, Кетпен (Ұзынқара) жотасында, Батыс Тянь-Шаньда өседі. Өсетін орны - таудың тастақты беткейі, өзен жағалауы, тақтатасты жерлер.

Дереккөздер

<references/>