Саптаманың өтім коэффициенті
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Саптаманың өтім коэффициенті — белгілі бір уақыт мерзімі ішінде саптамалардан ағып өткен су өтімінің кедергілер әсерінен кемуін есепке алатын коэффициент. Саптаманың өтім коэффициенті жылдамдық (γ) және сығылу (ξ) коэффициенттерінің көбейтіндісіне тең: μ = γ *ξ Жылдамдық және шығын коэффициенттерінің шамасы саптаманың құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты болады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>
Дереккөздер
<references/>